Семей қаласында мыңға жуық ардагер қала әкімінен материалдық көмек алды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей қаласында мыңға жуық ардагер қала әкімінен материалдық көмек алды

Семей қаласында мыңға жуық ардагер қала әкімінен материалдық көмек алды

Семей. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семей қаласының мыңға жуық ардагері Қариялар күніне орай қала әкімі Мейрамхат Айнабековтан материалдық көмек алды. Бұл жөнінде "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қала әкімінің орынбасары Тұрсынғазы Мүсәпірбеков хабарлады.

  • 2 Қазан 2007
  • 492
Фото - Caravan.kz

Оның ақпаратына сәйкес, Семей қаласы әкімінің шешімімен қаланың 900 ардагері мен қариясы дүйсенбі күні әрқайсысы 1000 теңгеден алған. Сондай-ақ, Тұрсынғазы Мүсәпірбеков ең ауыр материалдық жағдайда тұрған 40 адам әрқайсысы 5000 теңгеден алғандығын жеткізді.

Бастамашы топ Семей қаласы әкімінің атынан ардагерлермен кездесіп, ақшадан басқа дәрі-дәрмек және сыйлық үлестірді.

Тұрсынғазы Мүсәпірбеков атап өткендей, қариялар мен кейуаналарға көмек көрсету аясында биылғы жылы алғаш рет 200-ден астам адам санаторияларға жолдама алған. «Бұдан өзге, әкім ұсынысымен қаланың 13 мүгедегі мүгедектерге арналған арбаға ие болды», — деді Тұрсынғазы Мүсәпірбеков.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті