Астанада жылыту маусымы жоспарланған мерзімнен ерте басталады - Астана әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жылыту маусымы жоспарланған мерзімнен ерте басталады - Астана әкімі

Астанада жылыту маусымы жоспарланған мерзімнен ерте басталады - Астана әкімі

Астана. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жылыту маусымы 15-қазанда басталады. Бұл астанада қазанның бірінші онкүндігінде ауа-райының күрт суытатындығымен байланысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Астана әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 2 Қазан 2007
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Нормативтерге сәйкес жылыту маусымын бастау үшін ауа-райының үш күн ішіндегі орташа тәуліктік температурасы 10 грдус жылыдан төмен болуға тиіс. Осыған сәйкес, астана әкімі орталықтандырылған жылуды қазанның ортасына дейін беру туралы шешім қабылдады»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

«Астанаэнергосервис» компаниясының бекітілген кестесіне сәйкес, қыркүйектің үшінші онкүндігінде нысандарды жылу жүйесіне кезең-кезеңмен қосу басталған. «Бірінші кезекте жылу мектеп жасына дейінгі мекемелерге, бірқатар мектептер мен ауруханаларға берілген. 28-қыркүйекте Астанада жылуға 59 мекеме қосылған»,- деді баспасөз қызметіндегілер.

«Астанаэнергосервис» компаниясы жылыту маусымына 100 пайыз дайын. Жөндеу науқаны мен құрылғыларды модернизациялау 2007/2008 жылдардағы жылыту маусымын штаттық режимде өткізуге және жылу мен электр қуатын үзіліссіз беруге мүмкіндік береді»,- деп хабарлады әкімшіліктегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті