Қазақстанда өткен тәулікте көліп апатынан 11 адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өткен тәулікте көліп апатынан 11 адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте көліп апатынан 11 адам қайтыс болды

Астана. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда өткен тәулікте көліп апатынан 11 адам қайтыс болып, 6 адам жарақаттанды, деп хабарлайды "Қ

  • 3 Қазан 2007
  • 389
Фото - Caravan.kz


Астана. 3-қазан. «Қазақстан Бүгін» — Қазақстанда өткен тәулікте көліп апатынан 11 адам қайтыс болып, 6 адам жарақаттанды, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Қарағанды облысында, Екетеринбург — Алматы тасжолында 2-қазанда 11.15 «Ауди» көлігінің жүргізушісі «КамАЗ» жүк көлігімен соғысқан. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, көлік апатының салдарынан «Ауди» көлігінің 18 жасар жүргізушісі оқиға болған жерде қайтыс болған. «Ауди» көлігіндегі 24, 19 және 18 жастағы үш қыз, сонымен қатар 18 жасар жігіт әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында Алматы — Ташкент тасжолында, 2-қазанда 17.30 «Тойота-Камри» көлігі «Мерседес» көлігімен соғылған. Көлік апатының салдарынан «Тойота-Камри» көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, сонымен қатар «Мерседес» көлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға болған жерде көз жұмған. «Мерседес» көлігінің жолаушысы Түркия азаматы мен «Тойота-Камри» көлігінде отырған бір әйел ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысында, Алматы — Жетіген тасжолында, 2-қазанда кешке жақын «Субару-Легаси» көлігінің жүргізушісі ағашқа соғылған. Көлік апатының салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға болған жерде қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті