Кездесу барысында тараптар күн тәртібіне енгізілген көптеген ауқымды мәселелерді қарастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Еуразия экономикалық қауымдастық аясындағы кедендік одақтың құқықтық негізін құру туралы, Орта Азияның су энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану концепциясының жобасы жұмыстарының барысы туралы және өзге де мәселелер талқыланатын болады, деп хабарлады Ержан Ашықбаев.
Душанбеде 5 қазан күні ел басшыларының кездесуінің алдында Еуразия экономикалық қауымдастығының Интеграциялық комитетінің кезекті отырысы өтеді.
«Кездесу барысында Еуразия экономикалық қауымдастығы Мемлекетаралық кеңесінің (мемлекет басшылары деңгейінде) 2006 жылдың 16 тамызындағы «Еуразия экономикалық қауымдастығы аясында кедендік одақ құру туралы» шешімін орындау мәселесі, оның ішінде кедендік одақтың құқықтық негізін жасауға қажетті құжаттарды дайындау, сондай-ақ, басқа да көптеген мәселелер талқыланады», — деп хабардар етті Сыртқы істер министрлігінің өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті