Сенат төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселесіне қатысты заң жобасын өз түзетулерімен мәжіліске жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселесіне қатысты заң жобасын өз түзетулерімен мәжіліске жолдады

Сенат төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселесіне қатысты заң жобасын өз түзетулерімен мәжіліске жолдады

Астана. 3-қазан. "Қазақстан Бүгін" – Бүгін сенат жалпы отырыста депутаттары "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу

  • 3 Қазан 2007
  • 418
Фото - Caravan.kz


Астана. 3-қазан. «Қазақстан Бүгін» – Бүгін сенат жалпы отырыста депутаттары «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөніндегі кейбір заң жобаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, өз түзетулерімен мәжіліске жолдады, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі.

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің қорытындысында атап көрсетілгендей, сенат депутаттары заң жобасының нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларына сәйкестендіруге бағытталған редакциялық және нақталу сипатындағы түзетулер енгізген.

Сенат өткен бейсенбіде, 27-қыркүйекте «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөніндегі кейбір заң жобаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдаған болатын.

Заң жобасын әзірлеушілердің ақпараттарына сүйенсек, аталмыш құжаттың мақсаты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы заңнамаларды жетілдіру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті