«Қиғаш арқылы өтетін көпірдің ашылуы — екі ел арасындағы ынтымақтастық тарихындағы айырықша оқиға»,- деп атап көрсетті Кәрім Мәсімов.
«Біздің президенттеріміз берген тапсырмаға сәйкес, біз бүгінде екі елдің халқын жалғайтын достастық көпірі болып табылатын жаңа көпірдің ашылуына куә болып отырмыз»,- деді Қазақстан Республикасының премьері.
Оның айтуынша, «аталмыш көпірдің құрылысы қысқа мерзімде аяқталған». «Бүгінде біз жаңа көлік ағымын ашатын мүмкіндіке ие болып отырмыз»,- деп атап өтті К. Мәсімов.
Ресей үкіметінің басшысы өз кезегінде, «көпір екі ел халқының жақын болуына мүмкіндік беріп, Қазақстан мен Ресей аймақтарының арасындағы күннен күнге өсіп келе жатқан шекаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін береді», деп атап көрсетті. «Бұл жұмыстың бағыты біздің президенттеріміздің ерекше назар аударуының куәсі болып табылады»,- деп атап өтті В. Зубкин. Ол сондай-ақ, 4-қазанда, Новосибирскде Ресей мен Қазақстанның президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев шекаралық ынтымақтастық форумын ашатындығын, еске сала кетті.
Аталмыш жобаның құны 2,6 млрд теңгені құраған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті