«Мен, екі елдің президенттері қалаған өзара ықпалдастықты біздің жалғастыра алатындығымызға сенімдемін»,- деді К. Мәсімов кездесуді аша отырып.
«Біздің саяси жетекшілеріміз өте әділ диалог жүргізеді, бұл біздің тиімді жұмыс істеуімізге мүмкіндік береді, осының нәтижесінде көптеген экономикалық мәселелер өз шешімін табуда»,- деп атап көрсетті өз кезегінде В. Зубков. Ол сондай-ақ «екі ел арасындағы тауар айналымы үстіміздегі жылы 16 млрд АҚШ долларына жететіндігін» атап өтті.
В. Зубков атап өткендей, келіссөздер аясында «отын-энергетика саласындағы, көлік, атомдық энергия саласындағы және бірқатар басқа да мәселелер саласындағы» ынтымақтастық мәселелері талқыланатын болады, деп атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті