Қазақстандық шекарашылар бірнеше тонна ұн мен қару контрабандасының жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар бірнеше тонна ұн мен қару контрабандасының жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар бірнеше тонна ұн мен қару контрабандасының жолын кесті

Астана. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар қару мен бірнеше тонна ұн контрабандасының жолын кесті, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

  • 4 Қазан 2007
  • 389
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «Қордай» өткізу пунктінің шекарашылары Қырғызстаннан «Тойота» көлігімен келе жатқан Қазақстан азаматын ұстаған. «Көлікті тексеру барысында жүк салғыштан BENELLI маркалы қару мен оның 97 оғы табылған»,- деп атап өтті шекарашылар. Олар сондай-ақ «іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл аудандық департаментінің қызметкерлеріне жіберілгендігін» айтып өтті.

Сонымен қатар, «Сыпатай-батыр» шекара күзетінің шекарашылары өткізу пунтктінен тыс жерден заңсыз өтпек болған Қазақстан азаматын құрықтаған. Шекара бұзушы келе жатқан «ГАЗель» көлігін тексеру барысында, сәйкес құжаты жоқ екі тонна ұн табылған.

«Сонымен қатар, «Атакент» күзетінің шекарашылары Қазақстаннан Өзбекстанға 5 тонна ұн алып өту мақсатында шекараны заңсыз аспақ болған Қазақстанның тағы бір азаматын ұстады»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті