«Қазақтелекомның» ақпараттарына сүйенсек, 5-қазанға дейін қалааралық кодтарды «3» және «7» сандары арқылы теру мүмкіндігі қатар жүрген. «2007 жылдың 5-қазанынан бастап Қазақстан бойынша телефон кодтарын тек «жетілікпен» ғана теруге болады. Яғни, мысалы Астана қаласына қоңырау шалу үшін бұрындары «8-3172- абонент нөмірі» терілсе, енді «8 — 7172- абонент нөмірін» тереміз. Және де Алматының коды енді 327(2) емес, 727(2) болады»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың 5-тамызында Қазақстанның барлық қалалары мен облыс орталықтары кодтарының бірінші саны өзгерген болатын, дәлірек айтсақ кодтардың бастапқы «3» саны — «7-ге» ауыстырылып, қалған екі саны өзгеріссіз қалған болатын.
Облыс ішіндегі қоңырау шалу кодтары да өзгерген. Мысалы бұрын Қаскелеңнен Қапшағайға (Алматы облысы) қоңырау шалу үшін «8-272-абонент нөмірін» терсек, 5-тамыздан бастап «8-727-72-абнент нөмірін» теру қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті