Қазақстан мен Ресей президенттері аппараттарының басшылары 2007 - 2008 жылдарға арналған біріккен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей президенттері аппараттарының басшылары 2007 - 2008 жылдарға арналған біріккен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Ресей президенттері аппараттарының басшылары 2007 - 2008 жылдарға арналған біріккен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Астана. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясы Президент

  • 4 Қазан 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz


Астана. 4-қазан. «Қазақстан Бүгін» — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің Басшысы С.Собянинмен кездесіп, 2007 — 2008 жылдарға арналған біріккен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің 2007-2008 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды»,- деп айтылған баспасөз қызметінің бейсенбіде таратқан хабарламасында.

Мемлекет басшылары Әкімшіліктерінің жетекшілері атап өткендей, «Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары достық, сенім, тату көршілестік және сататегиялық әріптестік жағдайында дамуда». «Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің және екі мемлекеттің үкімет басшылары, министрліктер мен ведомства басшыларының тұрақты кездесулері барлық мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік беруде»,- деп атап көрсетілген хабарламады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті