Тараздың әуежайында ұшақ апаттық жағдайда қонды, зардап шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздың әуежайында ұшақ апаттық жағдайда қонды, зардап шеккендер жоқ

Тараздың әуежайында ұшақ апаттық жағдайда қонды, зардап шеккендер жоқ

Астана. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тараздың әуежайында ұшақ апаттық жағдайда қонды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 5 Қазан 2007
  • 423
Фото - Caravan.kz

Төтенше оқиға кеше Астана уақытымен 17.18 болған. «Тараз — Сабиха (Түркия) бағытында ұшқан «ДЕТ-Эйр» (Қазақстан) әуекомпаниясының Ил-62 ұшағы бірінші қозғалтқыштың істен шығуының салдарынан майдың қысымы түсіп кетуіне байланысты апаттық жағдайда қонған»,- деп айтылған баспасөз қызметінің жұмада таратқан хабарламасында.

«Аптатық қону сәтті өтті, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп атап өтті төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті