Өрт сейсенбіде, 2-қазанда Шемонахинск ауданында шыққан. «Өрт қураған шөптен шығып, қатты желден «Защита-Уба» ЖШС бидай алаңына көшкен»,- деді мекеменің баспасөз қызметіндегілер.
Өт сол күні 20.20. ауыздықталған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 11 адам жұмылдырылған, оның ішінде өрт сөндіру қызметінің алты қызметкері бар. «Нақтыланған мәліметтерге сүйенсек, өртенген бидай алқабы 30 гектарды құраған»,- деп хабарлады Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті