Прокуратура Алматы супермаркеттерінде жаппай заң бұзушылықтарды анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура Алматы супермаркеттерінде жаппай заң бұзушылықтарды анықтады

Прокуратура Алматы супермаркеттерінде жаппай заң бұзушылықтарды анықтады

Алмады. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Прокуратура Алматы супермаркеттерінде жаппай заң бұзушылықтардың орын алғандығын анықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

  • 5 Қазан 2007
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Шаруашылық субъектілерінің іс-қызметіндегі негізгі заң бұзушылық жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін сату, оларды сақтаудың шартын сақтамау болып табылады»,- деп айтылған прокуратураның жұмада таратқан хабарламасын.

Атап айтқанда, қадағалау органының ақпараттарына сүйенсек, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін сату дерегі «Рамстор Қазақстан» ЖШС іс-қызметін тексеру барысында анықталған»,- деді мекемедегілер. Атап айтқанда, дүкен мерзімі өтіп кеткен «Парламент» арағын, «Чудо Пудинг» сүт өнімін, Түркияның кетчуптарын, «Домик в деревне» қаймағын, отандық йогурттар, майонездер және ерітілген ірімшіктер сатқан.

Сонымен қатар, қадағалау органының хабарлауынша, дүкенде балалар ойыншықтарының сәйкестік сертификаты жоқ.

«Үстіміздегі жылдың наурызында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы «Рамстор» ЖШС осы тектес заң бұзушылықтарға жол бергені үшін айыппұл салған болатын. Бірақ прокурорлық тексеру барысында, ғимартқа жөндеу жұмыстары жүргізілмегендігі, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерінің сатылуы, қойма ғимараттары қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталмағандығы белгілі болды»,- деп айтылған хабарламада. Қадағалау органының мәлімдеуінше, «енді ескертуді орындамағаны үшін әкімшілік заң бұзушылық туралы іс қозғалып, іс-қызметін тоқтату туралы материалдар сотқа жіберілген».

Прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, осы тектес көрініс «Айнабұлақ» ықшамауданында орналасқан «Рамсторда» да анықталған». «Сонымен қатар, бұл жерде қоймадағы азық-түлік арнайы сөрелерде емес, жерде сақталған, және де осы жерден сауда бөлімдеріне жіберіліп отырған»,- деді қадағалау органындағылар.

Жетісу ауданының прокуратурасы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне кәсіпорынның іс-қызметін тоқтату туралы ұсыныс енгізген.

«Осы тектес заң бұзушылықтар азық-түлік өнімдерін сататын 61 нысанның, соның ішінде «Эльдорадо, «Грос», «Столичный», «Юбилейный», «Грос — Силк Вей Сити», «7-Я» супермаркеттер желісі» АҚ іс-қызметінен анықталды»,- деп түсіндіріп өтті прокуратурадағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті