Қазақстан праламентінің өкілдері Женевада өтетін Үкіметаралық одақ Ассамблеясының жұмысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан праламентінің өкілдері Женевада өтетін Үкіметаралық одақ Ассамблеясының жұмысына қатысады

Қазақстан праламентінің өкілдері Женевада өтетін Үкіметаралық одақ Ассамблеясының жұмысына қатысады

Астана. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы праламентінің мәжіліс төрағасы Аслан Мусин бастаған өкілдер Женевада өтетін 117

  • 5 Қазан 2007
  • 361
Фото - Caravan.kz


Астана. 5-қазан. «Қазақстан Бүгін» — Қазақстан Республикасы праламентінің мәжіліс төрағасы Аслан Мусин бастаған өкілдер Женевада өтетін 117-ші Үкіметаралық одақ Ассамблеясының жұмысына қатысады, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының парламент мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ассамблея аясында А. Мусин Үкіметаралық одақтың президенті Пьер Фердинандо Казинимен және Үкіметаралық одаққа мүше елдердің өкілдерінің басшыларымен кездесуі межеленген. Сондай-ақ Швейцарияның Заңнамалық кеңес басшысымен кездеседі деп жоспарланған.

Үкіметаралық одақ Ассамблеясы үстіміздегі жылдың 8-қазанында ашылып, өз жұмысын 10-қазанда аяқтайды.

Естеріңізге сала кетейік, Үкіметаралық одақ 1889 жылы құрылған. Ол ертеден келе жатқан халықаралық парламенттің ұйымдардың бірі болып табылады. Үкіметаралық одақ өз жұмысында бейбітшілік пен адам құқығын қорғауға көмектесіп, халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтады, сонымен қатар өкілді институттарды дамытады.

Қазақстан парламенті Үкіметаралық одақ мүшелігіне 1993 жылдың 4-наурызында қабылданған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті