Алматыда тіркелмеген дәрі-дәрмек сатқан бірнеше дәріхананың іс-қызметі тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тіркелмеген дәрі-дәрмек сатқан бірнеше дәріхананың іс-қызметі тоқтатылды

Алматыда тіркелмеген дәрі-дәрмек сатқан бірнеше дәріхананың іс-қызметі тоқтатылды

Алматы. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда тіркелмеген дәрі-дәрмек сатқан бірнеше дәріхананың іс-қызметі тоқтатылды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы прокуратурасынан.

  • 5 Қазан 2007
  • 793
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, № 2 дәріхананы тексеру барысында дәріхананың Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат етілмеген және тіркелмеген дәрі-дәрмекті сатып келгендігі белгілі болған. «Дәріхананың басшысына 163 800 теңге айыппұл салынып, дәрі-дәрмектер тәркіленіп, дәріхана жұмысы екі күнге тоқтатылды»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Осы тектес заң бұзушылықтар «Лионесс» ЖШС іс-қызметінде де анықталған, оған 327,5 мың теңге айыппұл салынып, дәрі дәрмектері тәркіленіп, іс-қызметі үш күнге тоқтатылған.

Сонымен қатар баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Орталық дәріхана+» ЖШС 15 түрлі тіркелмеген дәрі-дәрмек сату дерегі анықталған. «Аталмыш дерек бойынша материалдар сот қарауында жатыр»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, прокурорлық тексеру барысында, «Тено Фарм» ЖШС пен «Пан-Фарма» ЖШС жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі -дәрмектер сатқандығы белгілі болған. «Техно Фарм» ЖШС төрт түрлі дәрілерді сақтауда температуралық сақтау режимін бұзған, сондай-ақ қойма ғимараттарында белгілі бір ылғалдықты сақтайтын құрылғылар жоқ, желдеткіш жүйесі орнатылмаған. Осындай заң бұзушылықтар «Борух» ЖШС іс-қызметінен де анықталған. «Прокуратура Алматы қаласының фармацевтикалық бақылау басқармасына дәрі-дәрмектерді көтерме бағамен сататын аталмыш ЖШС іс-қызметін тоқтату туралы ұсыныс енгізді»,- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті