Қырғызстанның үкіметі отставкаға 21-қазаннан кейін кетеді - премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның үкіметі отставкаға 21-қазаннан кейін кетеді - премьер

Қырғызстанның үкіметі отставкаға 21-қазаннан кейін кетеді - премьер

Бішкек. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның үкіметі отставкаға үстіміздегі жылдың 21-қазанда өтетін референдумнан кейін кетеді. Бұл туралы бүгін журналистерге республиканың премьер-министрі Алмазбек Атамбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 5 Қазан 2007
  • 547
Фото - Caravan.kz

«Біз референдумнан кейін отставкаға кетеміз»,- деп атап өтті Қырғызстан үкіметінің басшысы. «Мен бұл лауазымға келіскен кезде, мен 10 күнге келгенімді, бір аптаға келгенімді білген емеспін»,- деп қосты ол.

Естеріңізге сала кетейік, А. Атамбаев Қырғызстан үкіметін үстіміздегі жылдың көктемінен бері басқарып келеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті