Астана. 8-қазан. «Қазақстан Бүгін» — Қызылорда қаласында 64 көп қабатты үйді газбен жабдықтау қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«6-қазан күні 14.00-де зақымданған бөлік қайта қалпына келтірілді. Барлық тұтынушылар газбен жабдықтауға қосылды», — деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Қызылордада 5-қазан күні канализациялық жүйелерді тарту үшін қазу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде «Сантехмонтаж» ЖШС-нің эксковаторы жер астындағы диаметрі 110 мм болатын полиэтилен газ құбырын бүлдірген», — деп хабарлады баспасөз қызметі газ құбырының ұзындығы 5 шақырым болатын зақымдалған бөлігі ажыратылғандығын ескерте отырып. Авариялық-қайта жөндеу жұмыстары қысым азайтылған соң қайта басталады.
Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, апат нәтижесінде 64 көп қабатты үй — 3283 пәтер газсыз қалған болатын, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті