Қазақстан Италия экономикасына инвестиция салуға мүдделі - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Италия экономикасына инвестиция салуға мүдделі - Назарбаев

Қазақстан Италия экономикасына инвестиция салуға мүдделі - Назарбаев

Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Италия экономикасына инвестиция салуға мүдделі. Бұл туралы бүгін Италияның премьер-министрі Романо Продимен кездесу барысында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 8 Қазан 2007
  • 707
Фото - Caravan.kz

«Экономиканың даму сатысындағы Қазақстан Италияға инвестия салуға дайын»,- деді Н. Назарбаев.

«Бүгінгі істің ахуалы, біздің сізбен барлық бағыттарда да сіріктес екендігіміздің айғағы, және де Қазақстанның осы қатынастарды дамытуға дайын екендігін айтып отыр»,- деп атап көрсетті ол.

«Бүгінде Италия — Қазақстанның жетекші экономикалық серіктесі болып табылады және өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауданың 70 пайызға өсіп, 8,5 млрд АҚШ долларын құрағандығы қанағаттанарлық жағдай»,- деді президент. «Италияның Қазақстанға салған инвестициясының жалпы сомасы 1 млрд АҚШ долларын құрайды»,- деп қосты ол.

«Өзара түсіністікпен және де сеніммен дамып келе жатқан саяси қатынастар мәдениет, экономика және бизнес саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді»,- деп санайды Н. Назарбаев.

Қазақстанның басшысы сондай-ақ, Италия қазақстанның астығын негізгі импорттаушылардың бірі екендігін атап өтті. Оның айтуынша, 1999 жылы Қазақстаннан Италияға 1 млн-нан астам тонна азық-түлік бидайы арттырылған.

Италияның премьер-министрі өз кезегінде, Қазақстанмен екіжақты қатынастарды нығайтуыға мүдделі екендіктерін атап өтті. «Біз өзара қатынаста болып, энергетика, ауылшаруашылығы сияқты және басқа да салаларда бір бірімізге көмектесе аламыз»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті