Байқоңырда "Союз ТМА 11" ғарыш кемесінің экипажына кіретін ғарышкерлер ұшырылымға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ТМА 11" ғарыш кемесінің  экипажына кіретін ғарышкерлер ұшырылымға дайындалуда

Байқоңырда "Союз ТМА 11" ғарыш кемесінің экипажына кіретін ғарышкерлер ұшырылымға дайындалуда

Байқоңыр. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА 11" ғарыш кемесінің экипажына кіретін ғарышкерлер ұшырылымға дайындалуда, деп хабарлайды агенттік "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығына сілтеме жасап.

  • 10 Қазан 2007
  • 519
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астана уақытымен 19 сағат 22 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ФГ» зымыран тасығышы аталмыш кемені ғарышқа алып ұшады. Ол Халықаралық ғарыш стансасына он алтыншы ұзақ мерзімді экспедицияны жеткізуі тиіс. Экипаж құрамында ғарышқа тұңғыш рет аттанатын Малайзия азаматы бар. Шейх Мұзафар Шүкірді ғарыш сапарына шығарып салуға үш жүзге тарта отандасы келді. Кезекті ұшырылым қарсаңында ғарышкерлер баспасөз өкілдерімен кездесіп, өздерінің жұмыс жоспарымен бөліскен еді.

Бұл ұшырылым алғашқы жер серігінің ғарышқа ұшырылуының жарты ғасырлығына арналып отыр. Сапар барысында қырық сегіз тәжірибе жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар, ғарышкерлерге америкалық Discovery және Atlanyis шатлдары жеткізетін қондырғыларды құрастырып, халықаралық ғарыш стансасын қайта жабдықтау міндеті жүктелген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшырылымға дайындық кестесіне сәйкес, Ресейлік ғарышкер, «Союз ТМА» кемесінің командирі, ғарышкер-сынаушы, Халықаралық ғарыш стансасының бортинженері Маленченко Юрий; Халықаралық ғарыш стансасының командирі, NASA астронавты, «Союз ТМА» кемесінің 1-ші бортинженері Уитсон Пегги мен Малайзия азаматы Шейх Мұзафар ұшу скафандрларын кию үшін №254 алаңға келді.

16 сағат 20 минутта корабль командирі мемлекеттік комиссияның төрағасы экипаждың ұшырылымға дайын екендігі жөнінде есеп берді. Бұдан дкейін ғарышкерлер арнаулы автобуспен ғарыштық пилотты кемеге отыру үшін №1 ұшырылым алаңына жол тартты.

Ғарышкерлер «Союз ТМА-11» ғарыш кемесінің ұшып-қону орындықтарындағы ложементтерге жайғасып, бұдан кейін ғарыш кемесі жүйелерінің жұмысын үш сағат бойы сынауға кіріседі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті