"UFC-ге шығатын болдым": Ризабек Айтмұхан мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"UFC-ге шығатын болдым": Ризабек Айтмұхан мәлімдеме жасады

"UFC-ге шығатын болдым": Ризабек Айтмұхан мәлімдеме жасады

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан UFC-ге ауысуы мүмкін екенін меңзеді.

  • 24 Шiлде
  • 6
Фото: www.instagram.com/rr1zabek/

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновпен бірге түскен суретін жариялап, спорттық мансабына қатысты маңызды шешім қабылдағанын жеткізді.

«Бәрін талқыладық. UFC-де өнер көрсетуге шешім қабылдадым», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Ризабек Айтмұханның шешімін қызу талқылап, көпшілігі оған қолдау білдірді. Пікір қалдырғандар спортшының UFC-де де жоғары нәтижеге жететініне сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

«Екеулеп қазақ еліне UFC белбеуін әкеліңдерші», «Қазақтың қос батыры, алар асуларың көп болсын», «Олимпиаданы ұтып, сосын шығасың. Бүкіл ел сені күтіп отыр», «Ауыр салмаққа барып, бәріне таяқ беру керек», — деп жазды олар.