Алматыда "Семсер - 2007" оперативтік-тактикалық оқу-жаттығулары өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Семсер - 2007" оперативтік-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

Алматыда "Семсер - 2007" оперативтік-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

Алматы. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" . Алматыда алғаш рет кепілге алынған адамдарды босату және лаңкестік қаупін бейтараптандыру шарасын негіз етіп алған "Семсер - 2007" оперативтік-тактикалық оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 10 Қазан 2007
  • 439
Фото - Caravan.kz

ҰҚК-нің Алматы қалалық департаменті өткізген оқу-жаттығулардың мақсаты антитеррорлық шараларды тәжірибе жүзінде пысықтауға саяды.

ҰҚК-нің Алматы қалалық департаменті төрағасының бірінші орынбасары, полковник Асқар Әшімовтың атап көрсетуінше, «бүгінгі операцияның басты мақсаты — барлық билік органдары мен басқару ықпалдастығын қамтамасыз ету» болып табылады. Ол : «біз лаңкестермен келіссөздер жүргізудің айқын дәйектелген әдістемесіне иеміз, біздің мамандар психология саласындағы әдістерді толық меңгерген, олар Ресей мен Батыста дәріс алған», — деді.

Шара барысында шартты кепілдікке алынған 30 адам босатылып, атауы ойдан шығарылған «Моджахеды истинной веры» атты лаңкестік топтың 15 мүшесі қолға түсті.

А. Әшімовтың айтуынша, оқу-жаттығулар нақты жағдайға мейлінше жақындатылып, шартты кепілдікке алынған адамдар ретінде тартылған барлық студенттер шара жөнінде хабардар етілген жоқ.

«Семсер — 2007» антитеррорлық оқу-жаттығуларына ҰҚК мен ІІМ бөлімшелерінен, дәрігерлер мен өрт сөндірушілер қатарынан 1 500 адам тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті