Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әкімдер мектеп оқушыларына елімізде кейінгі он жылда болған өзгерістер жайлы әңгімелеп береді.
«Сабақты он-лайн режимінде өткізу еліміз оқушыларының білім көкжиегін кеңейту мен тереңірек білім игеруі үшін аса маңызды», деп санайды мекемедегілер.
Сонымен бірге, «10 қазан, сәрсенбіде еліміздің білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев та он-лайн режимінде интерактивті сабақ өткізіп, оған еліміз мектептерінің 1000 шақты оқушысы қатысты. «Бұл — еліміз тариыхындағы екінші сабақ», — деп нақтылайды баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, он-лайн режиміндегі алғашқы интерактивтік сабақты президент Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде өткізген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті