Тәжік кеденшілері Ресейге 20 кг астам героин шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжік кеденшілері Ресейге 20 кг астам  героин шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті

Тәжік кеденшілері Ресейге 20 кг астам героин шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті

Душанбе. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжік кеденшілері Ресейге 20 кг астам героин шығаруға жасалған контрабандалық әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы агенттік тілшісіне Тәжікстан үкіметінің жанындағы кеден қызметінен хабарлады.

  • 11 Қазан 2007
  • 427
Фото - Caravan.kz

Кеден мекеменің ақпаратына сәйкес, Согды кеденінің қызметкерлері Худжанд әуежайының 1-ші халықаралық терминалының аумағында героинді тәркіледі. Есірткі сәрсенбі күні таңертең Худжанд-Мәскеу бағытында бет алған жолаушыларды кедендік тексеру барысында табылған. Есірткі тасымалдады деген күдікпен Согды облысының тумасы тұтқындалды, оның аты-жөні тергеу мүддесіне орай жарияланбай отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті