«Біздің болашақ стратегиялық мақсатымыз — қоғамды одан әрі біріктіру, біртұтас бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру болып табылады», — деді мемлекет басшысы.
«Қазақстан қоғамында бейбітшілік пен келісімді нығайту міндеті ұлттық дамудың ұзақ мерзімді стратегиясының екінші маңызды басымдығына айналды», — деді президент. «Егер осы жылдарда елімізде тыныштық пен бейбітшілік болмаса, біздің барлық стратегияларымыз әдемі ниет кейпінде қала берер еді», — деп атап көрсетті Елбасы.
Оның айтуынша, «тәуелсіздік алған жылдарда Қазақстан ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтуға бағытталған өзіндік модельді жүзеге асырып, ол «Қазақстандық жол» деген атауға ие болды.
«Қазақстан бүгінде мәдениетаралық, конфессияаралық диалогтың маңызды бір халықаралық орталығы функциясын атқарып отыр», — деді Н. Назарбаев. «Біз әлемдік діндердің құрылтайларнын өткізіп отырмыз, бұл миссия кең көлемді халықаралық қолдауға ие болды», — деп қорытты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті