Алматыда тұрғын үйдегі өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрғын үйдегі өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды

Алматыда тұрғын үйдегі өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды

Алматы. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда тұрғын үйдегі өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Құтқару қызметіне" сілтеме жасап.

  • 15 Қазан 2007
  • 402
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 15 қазанда 1 сағат 35 минутта Алматының Түріксіб ауданында екі қабатты тұрғын үйде 150 шаршы метр аумақта екі пәтер мен шатыр өртенді. Соның салдарынан бір үйдің қаңқасы қирады.

«Өртті сөндірген кезде 77 жастағы әйел мен 50 жастағы ер адамның мәйіттері табылды. 30 адам көшірілді. Өрт 3 сағатта сөндірілді», — деп хабарлайды құтқару қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті