Тәжікстанда 5 мыңға жуық бала мен жасөспірім мектепке бармайды - ТР Білім министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда 5 мыңға жуық бала мен жасөспірім мектепке бармайды - ТР Білім министрлігі

Тәжікстанда 5 мыңға жуық бала мен жасөспірім мектепке бармайды - ТР Білім министрлігі

Душанбе. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда көлік жуу бекеттерінде көлік жуып, базарларда жүк тасымалдау арқылы ақша табатын 4 800 бала мен жасөспірім мектепке бармайды. Бұл туралы Тәжікстан Республикасының Білім министрінің орынбасары Фархад Рахимов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Қазан 2007
  • 500
Фото - Caravan.kz

Министр орынбасарының айтуынша, бұл балалардың көбісі елдің алыстағы таулы аудандарынан келгендер, «және де олардың өздері де, ата-аналары да Душанбеде тіркелмеген». «Олар осыған сәйкес, тіркеусіз мектепте оқуға бара алмайды»,- деп атап өтті ол. Ф. Рахимовтың пайымдауынша, бұл проблеманы жергілікті атқару органдары мен күш құрылымдарының араласуынсыз шешу мүмкін емес.

Соған байланысты білім министрлігі республиканың аудандары мен облыстарының жергілікті атқару органдарына аталмыш проблеманы шешуге көмек көрсету туралы хат жолдады.

Ф. Рахимов сондай-ақ, министрлік бұл балаларды мектептерге қайтару үшін шаралар қолданып жатқандығын хабарлады. Атап айтқанда, «республиканың Педагогикалық ғылым академиясының ғылыми педагогикалық институтына базарлардың маңында мектеп ашу туралы мәселені пысықтау тапсырылған, яғни бұл балаларға ең болмағанда кешкі уақыттарда, жұмыстан кейін білім алу мүмкіндігін беру»,- деді министрдің орынбасары.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті