Каспийдің Әзербайжан жақ жағалауында МИ-8Т тік ұшағы апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийдің Әзербайжан жақ  жағалауында МИ-8Т тік ұшағы апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды

Каспийдің Әзербайжан жақ жағалауында МИ-8Т тік ұшағы апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды

Баку. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжанда 12-қазанда 21 сағат 58 минутта (жергілікті уақыт бойынша) тынық ауа райында "Азербайджан хава йоллары" Мемлекеттік концернінің "Азалхеликоптер" әуе компаниясына тиесілі МИ-8Т тік ұшағы апатқа ұшырады.

  • 15 Қазан 2007
  • 697
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне хабарлағандай, апат Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясының «Хазар-4» теңіз бұрғылау платформасынан науқасты эвакуациялау кезінде болған.

Тік ұшақтың техникалық жағдайы ұшу алдында жарамды болған, пайдалану нұсқауына сәйкес ұшу алдында техникалық қызмет көрсету жүргізілген болатын, бақылау-тексеру мақсатындағы ұшуды осы құрам атқарған болатын.

Мемлекеттік концерннің соңғы ақпараттарына сүйенсек, оқиға болған жерге тез арада іздеу-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, теңізге құтқару кемесі мен тікұшақ жіберілген. Осы жұмыстардың нәтижесінде тікұшақтың құлаған жері анықталды. Алдын-ала берілген мәліметтерге сүйенсек, экипаждың 4 мүшесі мен 2 жолаушы қайтыс болған. Олардың кім екені анықталған.

«Апатқа ұшыраған Ми-8Т тік ұшағы Каспийде 20 метр тереңдікте жатыр. Оны су түбінен алып шығу үшін арнайы көтергіш кран жіберілді. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда»,- деп атап өтті Мемлекеттік концерндегілер.

Әуе апатын тергеу үшін Мемлекеттік концерн арнайы комиссия құрылды, республиканың бас прокуратурасының ауыр қылмыстар туралы іс жөніндегі тергеу басқармасы 262.3-бап бойынша қылмыстық іс қозғап, ішкі істер министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік министрлігінің, төтеше жадайлар жөніндегі министрліктер мен Мемлекеттік шекара қызметі қызметікерлерінің қатысуымен сәйкес жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті