Кейінгі 10 күнде Қазақстанда нанның бағасы орташа есеппен 44 теңге деңгейінде тұрақтанды - Ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кейінгі 10 күнде Қазақстанда нанның бағасы орташа есеппен 44 теңге деңгейінде  тұрақтанды  - Ауылшаруашылығы министрлігі

Кейінгі 10 күнде Қазақстанда нанның бағасы орташа есеппен 44 теңге деңгейінде тұрақтанды - Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Кейінгі 10 күнде Қазақстанда нанның бағасы орташа есеппен 44 теңге деңгейінде тұрақтанды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ауылшаруашылығының вице-министрі Дулат Айтжанов хабарлады.

  • 15 Қазан 2007
  • 363
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде тұрақтандыру қорлары құрылып, әкімшіліктер, азық-түлік келісім-шарты корпорациясы, астықшылар одағы, наубайшылар мен ұн өндірушілер арасында меморандумдарға қол қойылды. Сөйтіп, соңғы 10 күнде елімізде нанның бағасы орта есеппен 44 теңге деңгейінде тұрақтанды», — деді Д. Айтжанов.

Оның мәліметінше, қазіргі жағдаймен өңірлік тұрақтандыру қорлары 622 мың тонна көлемінде астық сату жөнінде келісімге келді. «Бүгінгі күні тұрақтандыру қорларында 500 мың тонна көлемінде қор құрылды, сөйтіп, нан нарығында ахуал тұрақтанды», — деді вице-министр.

Сонымен бірге, оның пікірінше, «нан бағасының қалыптасуына тұрақты бақылау жасау қажет». «Осыған байланысты табиғи монополияларды реттеу агенттігіне нан бағасының қалыптасуын қадағалау функциясын беру қажет деп санаймын», — деді Д. Айтжанов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті