Н. Назарбаев сапар аясында Иранның президенті Махмуд Ахмадинежадпен, сонымен қатар республиканың рухани көшбасшысы Аятолла Хомейнимен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Келіссөздер қорытындысы бойынша экономика, мәдениет, туризм және екі елдің Каспий теңізіндегі айлақтардағы ынтымақтастығы саласындағы құжаттарға қол қою жоспарланған.
Сонымен қатар, сапары аясында Қазақстанның елбасы Абай ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Иранның Ұлттық кітапханасының абайтану кабинетіне барып қайтпақ.
Президент күннің екінші жартысында Қазақстанның елшілігіне бармақ, онда келешегі бар деп танылған, бірлескен қазақстан-иран экономикалық жобалардың тұсаукесері өткізіледі.
16-қазанда Н.Назарбаев Тегеранда өтетін Каспий жағалауындағы елдер басшыларының екінші саммитіне қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті