Қырғызстанның президенті "Ақ Жол" партиясының төрағасы болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның президенті "Ақ Жол" партиясының төрағасы болып сайланды

Қырғызстанның президенті "Ақ Жол" партиясының төрағасы болып сайланды

Бішкек. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның президенті Құрманбек Бакиев "Ақ Жол" партиясының төрағасы болып сайланды. Мұндай шешім бүгін партияның құрылтайшылық съезі барысында қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Қазан 2007
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Біз халық үшін — халық партиясын құрдық, мен мұнда өзімнің және сіздердің рөлдеріңізді көріп отырмын»,- деп мәлім етті съезд өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде.

Партияның құрылтайшылық съезі жарты сағаттан көпке созылған жоқ. Партия өкілдері президенттің сөйлеген сөзін тыңдап, барлық бағдарламалық құжатты бір ауыздан қабылдады. Съездге қатысушылар сондай-ақ жаңа партияның қызыл фондағы ақ жол бейнеленген эмблемасын бекітті.

Партияның саяси кеңесіне 30дан астам адам кірді, оның қатарында Қырғызстанның Жогорку Кенешінің (парламентінің) депутаты Алишер Сабиров, Қырғыз-Ресей славяндық университетінің ректоры Владимир Нифадьев, экс-спикер Алтай Борубаев, басқа да қоғамдық және саяси қайраткерлер бар.

Бұрын хабарлағанымыздай, 21-қазандағы референдумда екі мәселе — Конституцияның жаңа редакциясы мен Қырғызстан Республикасының сайлау туралы жаңа Кодексі қаралады. Егер президенттің ұсынған түзетулері бүкілхалықтық дауыс беруде мақұлданса, онда парламент сайлауы партиялық тізім бойынша өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қырғызстанда 100-ден астам саяси партиялар тіркелген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті