Семейде 1-ші ЖЭО бу қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 1-ші ЖЭО бу қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды

Семейде 1-ші ЖЭО бу қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды

Семей. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде Семейде 1-ші ЖЭО бу қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің Әуезов жедел жәрдем қосалқы станциясынан хабарлады.

  • 15 Қазан 2007
  • 443
Фото - Caravan.kz

Қосалқы станцияның аға дәрігері Роза Жыбыраеваның ақпараттарына сүйенсек, «жедел жәрдемнің» кезекші бөліміне бүгін 11 сағат 24 минутта шақыру келіп түскен. «1-ші ЖЭО қазандықтың жарылғандығы белгілі болды. Төрт адам зардап шегіп, оның біреуі оқиға орнында күйік салдарынан қайтыс болды»,- деді Роза Жыбыраева. «Жұмысшылардың айтуынша, қайтыс болған 54 жастағы жұмысшы ЖЭО жұмысқа жуықта ғана орналасқан және бүгін оның бірінші жұмыс күні болатын»,- деп қосты ол.

Ыстық буға күйген үш адам жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген. «Олар 1, 2 және 3 дәрежедегі күйік алған»,- деп нақтылап өтті Роза Жыбыраева.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті