Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүйсенбіде премьер-министр Кәрім Мәсімовтың жетекшілігімен республикалық бюджеттік комиссияның он сегізінші отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасының «2007 жылға арналған республикалық бюджеті туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып, мақұлданды.
«Макроэкономикалық көрсеткіштерді нақтылау есебінен және бір реттік төлемдердің түсуі есебінен бюджеттің кіріс бөлігінің жоспарлы аударымдары 175 млрд теңгеге өсіп, 2 273 млрд теңгені құрады. Шығындар 133,7 млрд теңгеге өсіп, 2 503 млрд теңгені құрайды. Республикалық бюджет тапшылығы 41,4 млрд теңгеге қысқарды»,- деп айтылған үкімет баспасөз қызметінің дүйсенбіде таратқан хабарламасында.
«Аталмыш заң жобасы қаржы секторын тұрақтандыру, экономиканың нақты секторы мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалуды қамтамасыз етуге қатысты іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында әзірленген»,- деп атап көрсетілген хабарламада.
Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, коммисия республикалық бюджет кірісін қысқартып, шығындарды өсіруді ұсынатын нормативтік құқықтық актілер мен үкіметтің «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заңын жүзеге асыру туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ақпараттарды талдау нәтижесіне қатысты материалдарды қарастырған.
Заң жобасы парламент қарауына ұсынылуға тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті