Маңғыстау облысында Сартас атты тағы бір айлақ салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында Сартас атты тағы бір айлақ салынады

Маңғыстау облысында Сартас атты тағы бір айлақ салынады

Ақтау. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтау қаласынан 130 шақырым жерде, Маңғышлақ шығанағының оңтүстік жағалауында "КаспийМұнайкұрылыс" АҚ жасаған "Сартас - ТеңізПорт" жобасы аясында Сартас атты жаңа айлақ салынбақшы. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігі тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қазан 2007
  • 612
Фото - Caravan.kz

«Сартас — Теңіз Порт» жобасы аясында кеме жөндеу зауыты, шағын тоннажды металл конструкциялар жасау зауыты, шаруашылық-тұрмыстық қалдықтар мен ағызынды суларды тазарту зауыты, темірбетон бұйымдар шығару зауыты, инертті материалдар өндіру зауыты; кемеге жанармай құю станцияларын , баржада қалқып жүретін бетон зауыты, теңіздегі нысандарға техникалық қызмет көрсететін шұғыл әрекет етуші әрі өз бетімен жүретін баржалар салу межеленген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа айлақ ағымдағы жылы салына бастайды. Осы және басқа да нысандарға жұмсалатын жалпы инвестициялар көлемі 309,5 млн долларды құрамақ.

Жобаның мақсаты — «Сартас» причалының жағалаудағы инфрақұрылымын дамыту үшін өңірге жаңа технологиялар мен инвестициялар тарту; Баутино мен Ақтаудағы базаларға түсетін ауыртпалықты азайту арқылы теңіздегі мұнай өндіру нысандарына үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру (3500) мен жергілікті тұрғындардың кәсіби деңгейін көтеру, өңірдегі экологиялық мәселелерді шешуге қолұшын беру, салық және басқа да төлемдердің есебінен бюджетке қосымша кіріс кіргізу.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «КаспийМұнайҚұрылыс» АҚ-ына 330 гектарлық жер телімі бөлінген. Сондай-ақ, оған Ақтау-Қаламқас тас жолынан «Сартас» причалына дейін жол салу үшін 49 жыл мерзіммен 167,5 га жер жалға берілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті