Баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, бағдарлама мемлекеттік қызметкерлердің арнайы дәрістерден өту барысында тілге жеделдетіп оқытуға арналған мемлекеттік және орыс тіліндегі баспа, дыбыс және бейне материалдардан тұратын кешенді оқыту жүйесінен тұрады.
Вице-министр Алик Шпекбаевтің атап өтуінше, «Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тілді дамыту мәселелерінде белсенді ұстанымда және де қызметкерлерді тиімді оқыту үшін қажетті жағдайлардың барлығын да жасауда, министрлік басшысы жаңа оқыту бағдарламасына көшу бастамасына толық қолдау көрсетіп отыр».
Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығының әзірлеген аталмыш бағдарламасының аясында, Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының 600 астам қызметкерін оқыту жоспарланған, деп хабарлады баспасөз орталығындағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті