«Бұл келісімнің мақсаты Қазақстан мен Грузия арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және автокөлік тасымалын жүзеге асыруды жеңілдетуге құқықтық негіз қалау болып табылады», — делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Келісім » Қазақстан мен Грузия арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы арқылы жолаушылар мен жүк тасымалдауды, осы елдердің аумағы арқылы транзитті, сондай-ақ, осындай тасымалды атқаруға рұқсат берілген тасымалдаушылардың үшінші елдерге жасайтын тасымалдау жұмыстарын реттейді».
«Келісімнің ережелері екі жақты қатынаста және келісімге қатысушы тараптардың аумағы арқылы транзитті тасымалға, сондай-ақ, үшінші елдерге жасалатын тасымалға халықаралық автотасымалына рұқсатнамасыз жүйе енгізуді қарастырады», — делінген мәжіліс комитетінің қорытындысында.
Келісімге 2007 жылдың 6 наурызында Астанада қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті