Еліміздің валюталық және қаржы нарығындағы ахуал тұрақтанды - Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің валюталық және қаржы нарығындағы  ахуал тұрақтанды - Мәсімов

Еліміздің валюталық және қаржы нарығындағы ахуал тұрақтанды - Мәсімов

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің валюталық және қаржы нарықтарындағы ахуал тұрақтанды, деп мәлімдеді бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде.

  • 17 Қазан 2007
  • 485
Фото - Caravan.kz

«ҚР Ұлттық банкі, ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі мен үкімет тарапынан дер кезінде қолданылған шаралардың арқасында еліміздің валюталық және қаржы нарығындағы ахуал тұрақтанды»,- деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.

«Бұл қазақстандық банктердің ликвидтілігі артты және соның нәтижесінде экономиканы несиелендіруге қажетті қаржы пайда болды деген сөз», — деді ол.

Үкімет басшысы «әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздық еліміздің қаржы жүйесіндегі тұрақтылыққа белгілі дәрежеде әсер етті», деп атап өтті. Атап айтсақ, «қысқа мерзімді ликвидтілікке және қазақстандық банктердің сыртқы міндеттемелерін қайта қаржыландыруға қатысты проблемалар байқалды», -деді премьер.

«Жалпы алғанда қалыптасқан қазіргі ахуал қаржылық мониторингті одан әрі жалғастыруды және елдің экономикалық даму қарқынын қолдау мақсатында лайықты шаралар қолдануды талап етеді», -деді Кәрім Мәсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті