Байқоңырда GlobalStar жер серіктерін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы құрастырыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда GlobalStar жер серіктерін ұшыруға арналған  "Союз-ФГ" зымыран тасығышы құрастырыла бастады

Байқоңырда GlobalStar жер серіктерін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы құрастырыла бастады

Байқоңыр. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда GlobalStar жер серіктерін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы құрастырыла бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қазан 2007
  • 380
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары «Союз-ФГ» зымыран тасығышы, төрт дана GlobalStar жер серігі мен «Фрегат» үдеткіш бөлігі орнатылған зымыранның бас бөліктерін жаппай құрастыруға кірісті.

Құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүгін кешке мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, ол «Союз-ФГ» зымыран тасығышын ұшырылым алдындағы дайындықтар үшін № 31 алаңның «ұшырылым үстеліне» шығару жөнінде шешім қабылдайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ұшырылымға дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, «Союз-ФГ» зымыран тасығышы ұшырылым кешеніне ертең, 18 қазанда шығарылуға тиіс. Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары үш күн бойы ұшырылым кешені мен зымыран тасығыш жүйелерін тексереді.

«Союз-ФГ» зымыран тасығышы «Фрегат» үдеткіш блогын және 4 дана GlobalStar телекоммуникациялық жер серктерін алып 21 қазан күні Астана уақытымен 2 сағат 12 минутта (Мәскеу уақытымен 0 сағат 12 минут) №31 алаңнан ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті