Үкімет екінші деңгейлі банктерге субсидия бөлмейді - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет екінші деңгейлі банктерге субсидия бөлмейді - үкімет басшысы

Үкімет екінші деңгейлі банктерге субсидия бөлмейді - үкімет басшысы

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" . Қазақстан үкіметі екінші деңгейлі банктерге субсидия бөлмейді. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

  • 17 Қазан 2007
  • 367
Фото - Caravan.kz

«Біз банктерге өз міндеттемелері бойынша берешектерін қайтаруы үшін көмектесіп отырған жоқпыз», — деп мәлімдеді үкімет басшысы.

«Банктер қазір экономикаға несие бөлуді, қүрылыс секторын несиелендіруді, шағын және орта кәсіпорындарды несиелендіруді доғарды. Біздің мақсат — экономиканың даму қарқынын бәсеңдетпеу үшін аталған салаға қолұшын созу», — деді Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысының пікірінше, банктер «өз күшімен проблеманы шеше алады. Олар біршама қуатты».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті