Бас прокуратура Іле Алатауының бөктерінде үй салғандарға өтемақы төлеу мүмкіндігіне күмән келтіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура  Іле Алатауының бөктерінде үй салғандарға өтемақы төлеу мүмкіндігіне күмән келтіреді

Бас прокуратура Іле Алатауының бөктерінде үй салғандарға өтемақы төлеу мүмкіндігіне күмән келтіреді

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура Іле Алатауының бөктерінде үй салғандарға өтемақы төлеу мүмкіндігіне күмән келтіреді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 17 Қазан 2007
  • 401
Фото - Caravan.kz

«Үй салушылардың басым бөлігінің өтемақы алуы неғайбіл, өйткені, олар қолдарындағы құжаттарды жерді сатып алудың заңсыздығын біле тұра алып, бұл қадамға қасақана барды», — деді С. Нұрпейісов журналистер сауалына берген жауабында. «Әрине, егер бұл дәлелденіп жатса, олар ешбір өтемақы ала алмайды», — деді ол.

Сонымен бірге, С.Нұрпейісовтың атап көрсеткеніндей, өтемақы төлеу мәселесі сот органдары арқылы ғана шешіледі. «Әр азамат онда өздерінің ісінің дұрыстығын дәлелдеп берсін», — деп атап өткен ол бас прокуратура тарапынан бүгінгі күні журналистерге хабарлай алатын жалғыз нәрсе осы екенін жеткізді. «Ал деректер мен тексеру нәтижелері артынан хабарланады», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті