Оның айтуынша, «халықаралық ұйымдарда, құқықтың ағылшын-саксондық, құрылықтық, исламдық және басқа да үлгілеріндегі соттар мен мемлекеттердің юстиция органдарында біздің еліміз бен азаматтарымыздың мүдделерін қорғай алатын халықаралық деңгейдегі мемлекеттік қорғаушылар институтын жасау және оны дамыту қажеттілігі пісіп жетілді». «Мұндай шара өз кезегінде қымбат тұратын шетелдік адвокаттардың қызметінен бас тартып, халықаралық аренада біздің құқықтық мүдделерімізді кәсіби деңгейде қорғауға мүмкіндік берер еді»,- деді ол.
Бас прокурордың бірінші орынбасары Ілияс Бақтыбаевтың баяндамасында отандық қылымыстық-құқықтық жүйенің түйінді мәселелері көтерілді.
«Еліміздің қылымыстық-құқықтық жүйесін одан әрі дамытудың басты бағыттары мен басымдылықтарын нақты көрсетіп беретін бағдарламалық құжат жасау бүгінгі күннің ең өткір мәселесі болып тұр,-деді ол,- Бұл реттегі айқын өлшемдердің болмауы әртүрлі құқықтық үлгідегі институттардың пікірлерінің қабыспауына әкеп соқтырып отыр».
Баспасөз қызметініцң хабарлауынша, «Қазақстандағы конституциялық өзгерістерді жүзеге асыруға орай прокурорлық қадағалауды, қылымыстық істер бойынша алдын ала тергеуді және қылымыстық-атқару заңдарын жетілдірудің өзекті проблемалары» деген тақырыпта өтетін екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция ҚР Қылмыстық-іс жүргізу кодексінің 10 жылдығына арналып отыр.
ҚР бас прокуроры Рашид Түсіпбеков бұл шараны аша келіп ЕҚЫҰ-ның, «Адамдардың құқығы үшін хартиясы» Қоғамдық қорының, «Халықаралық түрме реформасы» Халықаралық қоғамдық бірлестігінің» өкілдерін конференцияны ұйымдастыруға белсене қатықандары үшін алғыс айтты.
Конференция бағдарламасы «Прокурорлық қадағалау және конституциялық реформа», «Алдын ала тергеу органдарының қызметін жетілдіру», «Қазақстан Республикасының бүгінгі кезеңдегі қылымыстық-атқару заңдарын жетілдіру» деген үш сессиядан тұрады.
Өткізілетін үш сессияның шеңберінде 30-дан астам баяндама жасалады. Талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша халықаралық конференцияның ұсыныстарын қабылдау жоспарланып отыр.
ҚР Бас прокуратурасының бастамашылығымен өткізіліп отырған бұл форумға Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің ғалым-заңгерлері, ҚР мен ТМД елдерінің мемлекеттік органдарының, Достастық елдерінің үкіметтік емес бірлестіктері мен халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті