«Бүгінде біздің еліміз өз дамуының сапалық тұрғыда жаңа кезеңіне ден қойды. Ондағы мақсат — таяу жылдарда әлемдік жоғары деңгейде дамыған, бәсекеге қабілетті елдерінің санатына қосылу. Осыған байланысты үкіметтік емес ұйымдардың рөлі арта түсуде, олар халықтың әл-ауқатын жақсарту және елімізді одан әрі дамыту үшін мемлекеттік органдармен мейлінше белсенді әрі кең ауқымда жұмыс істеуге тиіс», — деді Қ. Саудабаев.
Мемлекеттік хатшы осы орайда «үкіметтік емес ұйымдар еліміз тәуелсіздік алған сәттен бері мемлекетттік органдармен бірге өзара ықпалдастық пен ынтымақтастықтың жеміске толы жолдарынан өтті»,- деді. «Елімізде аса қысқа мерзімде үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға арналған бекем институционалдық және заңнамалық база құрылып, билік пен үшінші сектор арасында әріптестік ықпалдастық орнап, әріқарайғы ықпалдастықтың стратегиялық бағыттары айқындалды», — деді ол.
«Тұтастай алғанда еліміз тәуелсіздік алған жылдарда Қазақстанда үкіметік емес секторды дамытуға қажетті бекем құқықтық және ұйымдастырушылық іргетас қаланды», — деп қорытты Қ. Саудабаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті