Қорғаныс министрлгі алдағы үш жылда 240 мың шаршы метрден кем емес баспана салмақ - Ахметов - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрлгі алдағы үш жылда 240 мың шаршы метрден кем емес баспана салмақ - Ахметов

Қорғаныс министрлгі алдағы үш жылда 240 мың шаршы метрден кем емес баспана салмақ - Ахметов

Астана. 19-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қорғаныс министрлгі алдағы үш жылда әскери қызметкерлерге арнап 240 мың шаршы метрден кем емес баспана салмақ.

  • 19 Қазан 2007
  • 446
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы кеше Астананаң қалалық әскери комисссариатта әскерге шақырылғандармен кездесу барысында Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі.

«Біз пәтерлерді бәрінен жылдам пайдалануға береміз, үстіміздегі жылы 80 мың шаршы метр баспана саламыз, және де президент жыл сайын біз 80 мың шаршы метр баспана салуға мүмкіндік беріп, қаржы бөліп отыр»,- деді Д. Ахметов.

«Сөйтіп, біз алдағы үш жылда 240 мың шаршы метрден астам баспана саламыз, ал біздің армияда пәтерге мұқтаж бес мыңнан астам адам бар, яғни біз тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын толық шешеміз»,- деп қосты ол.

«Біз қазір Отарда, Аягөзде абспаналар салып жатырмыз. Отарда үстіміздегі жылы 30 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй, 700-ге жуық пәтер пайдалануға беріледі және де бұл барлық әскери қызметкерлер үшін — офицерлер үшін де, келісім-шартпен барғандар үшін де»,- деп атап көрсетті қорғаныс мекемесінің басшысы. «Бұрын Аягөз ешкім аяқ баспайтын, лас әрі ештеңе жоқ, қаңырап қалған жер ретінде қабылданса, енді бүгінде біз үлкен қаржы бөліп, онда спорт мекемелерін, баспаналар, казармалар салынуда»,- деп атап өтті ол.

«Біз мұның барлығын армияның дамуына мұқият бақылау қойып отырған президенттің тапсырмасы бойынша жасап жатырмыз», — деп атап көрсетті министр. «Біз гарнизондардағы қызмет жер аудару ретінде қабылданбауын, керісінше әскерге бару басқалардан көп ұту екендігін ұғынатындай деңгейде болуын қалаймыз»,- деп қорытындылады Д. Ахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті