18 қазандағы жағдаймен Қазақстан Республикасында 22,4 млн тонна егін орылды -Ауылшаруашылығы министрлігі (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
18 қазандағы жағдаймен Қазақстан Республикасында 22,4 млн тонна егін орылды -Ауылшаруашылығы министрлігі (толықтырылған нұсқа)

18 қазандағы жағдаймен Қазақстан Республикасында 22,4 млн тонна егін орылды -Ауылшаруашылығы министрлігі (толықтырылған нұсқа)

Астана. 19 қазан. "Қазақстан Бүгін"- 18 қазандағы жағдаймен Қазақстанда 22,4 млн тонна егін орылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 19 Қазан 2007
  • 533
Фото - Caravan.kz

18 қазандағы жағдаймен 15,2 млн гектар алқаптан астық жиналған, орташа өнімділік бір гектардан 14,7 центнерге тең, жалпы 22,4 млн тонна егін, соның ішінде 2,6 млн тонна бидай, 18,6 млн тонна арпа жиналған.

Баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ауылшарушалығы министрлігінің егін шаруашылығы департаментінің директоры Анна Буцьтің хабарлауынша, үстіміздегі жылы ауылшаруашылық дақылдары жалпы республика бойынша 18,9 млн гектар жерге егілген. Оның ішінде — арпа бидай — 15,4 гектар алқапқа себілген, оның 12,9 млн гектары — бидай; май дақылдары — 673 мың гектар, қанты қызылшасы — 13,7 мың гектар, мақта — 205 мың гектар, бақшалық дақылдар — 144 мың гектар, картоп — 156 мың гектар.

Ол, бүгінгі күнде Алматы және Қызылорда облыстарынан басқа республиканың барлық облыстарында жүгері мен күріш жинау аяқталып қалғандығын, жалпы орақ науқаны аяқталғандығын атап өтті. «Үстіміздегі жылғы түсім өткен жылғыдан 4,1 млн тоннаға артық. Бүгінде элеваторға 7 миллионнан астам тонна астық жеткізілген, оның 6,6 млн тоннасы — бидай». А. Буць сондай-ақ, «бидайдың 76 пайызы 1 — 3 класс бидайы», деп атап көрсетті.

Оның болжамына сүйенсек, «астықтың салмағы өңдеуден кейін 20 млн тоннадан асып жығылады». «Бұл елеміздің мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті, экспорт 10 миллиондай тоннаны құрайды».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті