18 қазандағы жағдаймен Қазақстан Республикасында 22,4 млн тонна егін орылды -Ауылшаруашылығы министрлігі (кеңейтілген нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
18 қазандағы жағдаймен Қазақстан Республикасында 22,4 млн тонна егін орылды -Ауылшаруашылығы министрлігі (кеңейтілген нұсқа)

18 қазандағы жағдаймен Қазақстан Республикасында 22,4 млн тонна егін орылды -Ауылшаруашылығы министрлігі (кеңейтілген нұсқа)

Астана. 19 қазан. "Қазақстан Бүгін"- 18 қазандағы жағдаймен Қазақстанда 22,4 млн тонна егін орылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 19 Қазан 2007
  • 610
Фото - Caravan.kz

18 қазандағы жағдаймен 15,2 млн гектар алқаптан астық жиналған, орташа өнімділік бір гектардан 14,7 центнерге тең, жалпы 22,4 млн тонна егін, соның ішінде 2,6 млн тонна бидай, 18,6 млн тонна арпа жиналған.

Баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ауылшарушалық министрлігінің егін шщаруашылығ департаментінің директоры Анна Буцьтің хабарлауынша, үстіміздегі жылы ауылшаруашылық дақылдары жалпы республика бойынша 18,9 млн гектар жерге егілген. Оның ішінде — арпа бидай — 15,4 гектар алқапқа себілген, оның 12,9 млн гектары — бидай; май дақылдары — 673 мың гектар, қанты қызылшасы — 13,7 мың гектар, мақта — 205 мың гектар, бақшалық дақылдар — 144 мың гектар, картоп — 156 мың гектар.

Ол, бүгінгі күнде Алматы және Қызылорда облыстарынан басқа республиканың барлық облыстарында жүгері мен күріш жинау аяқталып қалғандығын, егін орағы жалпы аяқталғандығын атап өтті. «Үстіміздегі жылғы түсім өткен жылғыдан 4,1 млн тоннаға артық. Бүгінде қырмандарға 7 миллионнан астам тонна астық жеткізілген, оның 6,6 млн тоннасы бидай». А. Буць сондай-ақ, «бидайдың 76 пайызы 1 — 3 класс бидайы», деп атап көрсетті.

Оның болжамына сүйенсек, «астықтың салмағы өңдеуден кейін 20 млн тоннадан асып жығылады». «Бұл елеміздің мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті, экспорт 10 миллиондай тоннаны құрайды».

Сонымен қатар, Ауылшаруашылық министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік облыстарда 74 мың гектардан жүгері жиналған (жинау алқабының 80 пайызы), жалпы жиналған түсім 337 мың тонна, орташа түсімділік — бір гектарынан 45,5 центнер. Қызылорда облысында 71 мың гектардан немесе жалпы алқаптың 90 пайызынан күріш жиналған, жалпы түсім — 303 мың тонна, орташа түсімділік — бір гектарынан 45,5 центнер.

Май дақылдары жалпы республика бойынша 394 мың гектар алқаптан жиналған (59 пайыз), 336 мың тонна май дақылдары орылды , оның ішінде 88 мың тонна күнбағыс, 45 мың тонна сафлор, 70 мың тонна соя және 122 мың тонна рапс. Сондай-ақ республика бойынша 1,8 млн тонна картоп және 1,9 млн тонна көкөніс жиналған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті