Шығыс Қазақстан облысында тіркелген қылмыстар саны азайған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында тіркелген қылмыстар саны азайған

Шығыс Қазақстан облысында тіркелген қылмыстар саны азайған

Өскемен. 19-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында үстіміздегі жылдың 9 айында тіркелген қылмыстар саны азайған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қазан 2007
  • 440
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жыл басынан бері ауыр және өте ауыр қылмыстардың саны 4,4 пайызға және 6,4 пайызға төмендегендігі тіркелген. Сонымен қатар, қасақана кісі өлтіру 3,4 пайызға, тонау — 11 пайызға, қарақшылық шабуыл — 29,5 пайызға, пәтер ұрлығы — 12,8 пайызға, мал ұрлығы — 29,5 пайызға қысқарған.

Облыста қоғамдық тәртіпті қорғау мен заң бұзушылықтардың алдын алу деңгейін көтеруге қатысты шаралар қабылданып жатыр. Патрульдік полиция қызметі айтарлықтай нығайтылған. Өскеменде төрт стационарлық полиция посты орнатылған. Жыл аяғына дейін тағы екеу ашылады деп жоспарланған. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қоғамдық орындардағы қылмыстылық 3,5 пайызға, соның ішінде көшедегі қылмыс 10,1 пайызға төмендеген.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста «Папилон» автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық-іздеу жүйесі жұмыс істейді, ол қылмыс орнынан табылған іздерді тез және жоғары нақтылықпен сәйкестендіруге мүмкіндік беріп, күдіктінің кім екендігін анықтайды.

Жыл басынан бері облыстық әкімшілік патрульдік күзет қызметі мен жол полициясы басқармасына 100 көлік бөлген. Көліктер қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Заманауи автоматтандырылған жол қозғалысын басқару жүйесі, жол қозғалысы ережесін бұзуды автоматты режимде түсіруге мүмкіндік беретін бейнекамералар енгізілуде. «Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыру облыс жолдарындағы апат жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік берді»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті