Қазақстанның өкілдері Ауғанстандағы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның өкілдері Ауғанстандағы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады

Қазақстанның өкілдері Ауғанстандағы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады

Астана. 19-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев бастаған өкілдері 20-қазанда Ауғанстанның Герат қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше 10 елдің сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрілгінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 19 Қазан 2007
  • 496
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрілгінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн тәртібіне сәйкес жалпы отырыста Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хуршид Анвар есеп береді. Сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының ынтымақтастығы аясында экономика, көлік, энергетика және мәдениет мәселелерін талқылау жоспарланған.

Жалпы, баспаөз қызметінің атап өтуінше, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлерінің 17-ші отырысында «Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 2006 — 2007 жылдардағы іс-қызметі қорытындыланады, бұл іс-қызметінің кейбір бағыттары бойынша белгілі бір прогресс куәсі».

«Экономикалық ынтымақтастық ұйымы өткен кезеңде өз назарын өзінің дамуының басым салаларына аударып, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының келісім-шарттарын орындау сияқты маңызды міндеттерін атқаруды айтарлықтай жеделдетті»,- деп түсіндірді сыртқы саясат мекемесіндегілер. Олар сондай-ақ «ұйымға мүше мемлекеттер тарапынан Экономикалық ынтымақтастық ұйымының мақұлданған келісім-шартына қол қойып, ратификациялауға айтарлықтай күш жұмсады», деп қосты.

Қазақстан Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына 1992 жылдың қарашасында мүшелікке өткен. Сыртқы істер министрлігінің анықтамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастығының басым бағыты көлік және коммуникация, сауда-экономикалық қатынастар, энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласы болып табылады.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Иран, Пәкістан, Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мүше.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті