Шығыс Қазақстан облысында аумақтық табиғат қорғау басқармасының бастығы пара алғаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында аумақтық  табиғат қорғау басқармасының бастығы пара алғаны үшін ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында аумақтық табиғат қорғау басқармасының бастығы пара алғаны үшін ұсталды

Астана. 19 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында аумақтық табиғат қорғау басқармасының бастығы 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 19 Қазан 2007
  • 411
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР ҰҚК-нің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық басқармасының бастығын өзінің жұмыс бөлмесінде пара алып жатқан сәтте қолға түсірді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша ҰҚКД-нің тергеу бөлімшесі ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті