Семейде алименттерді төлету айлығы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде алименттерді төлету айлығы өтуде

Семейде алименттерді төлету айлығы өтуде

Семей. 19-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде алименттерді төлету айлығы өтуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық сот атқарушысы Лаура Әукішова хабарлады.

  • 19 Қазан 2007
  • 394
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда қалада алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлердің саны орта есеппен 20 пайызға өскен. Осыған байланысты аймақта айлық өткізуге шешім қабылданған. «Біз қыркүйекте осындай шара өткізгенбіз, оның нәтижесі өте жақсы болды, сондықтан да оны қазанның аяғына дейін жалғастыруға шешім қабылдадық»,- деп түсіндірді Лаура Әукішова.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, қыркүйек айының басынан бері алименттер берешегі 7 млн теңгені құраған. Бүгінде небәрі 600 мың теңгесі қалды. «Еркектердің алиментті төлеуден бас тартуларының себебі — бұл жұмыссыздық пен жалақының төмендігі. Бірақ олар өз балаларына аз ақша төлеу үшін жалақысы төмен жұмыстарға орналасуға ниетті»,- деп қосты Лаура Әукішова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті