Шығыс Қазақстан облысында екі колледж бен арнайы орта білім беретін 8 оқу орны жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында екі колледж бен  арнайы орта білім беретін 8  оқу орны жабылды

Шығыс Қазақстан облысында екі колледж бен арнайы орта білім беретін 8 оқу орны жабылды

Шымкент. 19 қазан. "Қазақстан бүгінгі" Шығыс Қазақстан облысында екі колледж жабылды, сегізі қызметін уақытша тоқтатты. Бұл жайлы кеше журналистерге берген сұхбатында Шығыс Қазақстан облыстық прокурорының көмекшісі Жәния Әлиханова хабарлады.

  • 19 Қазан 2007
  • 828
Фото - Caravan.kz

«Облыстық прокуратураның комиссиясы Шардарадағы «Дарын» колледжі төрт жыл бойы мемлекеттің рұқсатынсыз қызмет атқарып келгенін әшкереледі. Сабақтар санитарлық-эпидемиологиялық норма сақталмаған, жылу жоқ, құлағалы тұрған жер үйде өткізіліп келген»,- деді Ж. Әлиханова.

Прокурордың көмекшісінің айтуына қарағанда, бұл колледжде бар болғаны 41 студент информатика, ағылшын тілі, бухгалтерлік есептеу пәндерінен дәріс алғаны анықталған.

Ж. Әлиханова осындай өрескел зан бұзушылыққа байланысты облыстық прокуратураның тексеруі барысында «Шымкент» колледжінде де де анықталғанын айтты.

Прокурордың көмекшісі өз сөзінде бұдан басқа да бірнеше колледжге сөгіс жарияланғанын жеткізді.

«Бүгінгі күні үзіліссіз білім беретін «Мырзакент» қазақ-өзбек колледжі, «Тұран» колледжі, Қожа Ахмет Яссауи колледжі, «Мұрагер» институтының колледжі мен Шымкент университетінің «Майлыкент» колледждерінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Түлкібастағы агробизнес және туризм колледжінің басшыларына жемқорлық деректеріне байланысты қатаң ескертулер жасалды»,- деп хабарлайды Ж. Әлиханова.

«Таяу уақытатрда 13 колледждің тағдыры шешіледі»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті