Мемлекет басшысы 2007 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды - премьер-министр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы 2007 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды - премьер-министр

Мемлекет басшысы 2007 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды - премьер-министр

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 22 Қазан 2007
  • 322
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы 2007 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды, сол себепті мен экономика министрлігіне республикалық бюджеттік комиссияның отырысын бүгін өткізіп, бюджеттік бағдарламалардың паспортына өзгерістер енгізіп, бұл өзгерістерді бекітуге ертең үкіметтің отырысына енгізуді тапсырамын», — деді Кәрім Мәсімов.

«Осы жылдың бюджетінен үлес қосушылардың проблемасын шешу, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін қарастырылған қаржы осы аптадан қалмай жүйеге енгізілуі қажет» — деді ол.

«Біз мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді сонда ғана нақты шеше аламыз», — деді премьер-министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті